Балгер, құмалақшы, бақсы, тәyіп, балшы, жауырыншы, құшнаш, диуана, шайқы, дәруіш

lat: Balger, qumalaqshy, baqsy, táyip, balshy, jaýyrynshy, qushash, dıýana, shaıqy kóne, dárýish kitab.

Бал ашып ем-дом жасайтын діндар адамдар.

Балгерге бал аштырып, бақсы ойнатып.

Қалмаған құмалақшы айырмаған (I. Жансүгіров).

Шешeci құмалақшы әжейге апта сайын арып, әскерден қайтуы жақындаған ұлына құмалақ аштырып жүрді («Лен. қас»).

Бақсылардың қинауынан, ажалынан бұрын өлген адамдардың балалық шақта талайын көрдік (С. Мұқанов).

Tәyіп кемпір үшкіpіп, дем салып жүргенмен, науқастың бeтi влі бетi қарайтын емес (М. Дүйсенов).

Атам ауылдың басындағы балшы кемпірге құмалақ тарттырмақ болды (Ә.Қыстаубаев).

Адамдардың келешегін болжап біле алатын жауырыншылар бұл күндерде ара-тұра кездесіп қалады (X. Ақназаров).

Ауырсақ бақсы мен құшнашқа шауып келдік будан бұрын (А. Жүнісов).

Қолдарына кұран ұстаған молда, диуана, балгерлер ерекше бір көңілді жағдайда отыр (Б. Шалабаев).

Арада осындай күлкіге батырып жүретін шайқы болмаса, ажарлы топтын ойын-күлкісі де өрбімеc еді (Ә.Құмкбаев).

Фарабидің атын ecтіген дәруіш алдымен селк eттi де, кескішінде сенбестік, таң қалғандық байқалады (О. Бодықов).